Түркістан облысы білім басқармасының Сарыағаш ауданы білім бөлімінің “№38 М.Мақатаев атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ

  •                                                                                                                                                                          №38 М.МАҚАТАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
  •        Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық окурігіне қарасты Құркелес елді мекеніндегі №38 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің іргетасы өткен ғасырдың 1947 жылы ауыл тұрғындарының көмегімен шым ойып, асарлату жолымен тұрғызылған. Алғашында қазақ-орыс аралас бастауыш мектебі осы аймақтағы елді мекендердегі алғашқы мектебі болып ашылған. 1953 жылы Д.Фурманов атындағы қазақ-орыс аралас сегіз жылдық мектебі болып қайта құрылған. Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1994 жылдан бастап қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың есімімен №38 негізгі мектебі болып аталды.
  • Мектептің 600 орындық жаңа ғимараты 2012 жылдың 09 қаңтарында пайдалануға берілген уақытта, мектепте 786 оқушы болатын. Мектептің жаңа ғимараты – 184 орындық думан залмен, 120 орындық асханамен және аудандағы мектептер арасындағы ең үлкен спорт залмен қамтылған. Жаңа технологиямен жабдықталған заманауи үлгідегі компьютер, лингафон, биология, физика және химия кабинеттері бар. Мектепте жалпы қызыметкерлер саны – 132. Мұғалімдер саны – 106, кіші қызыметкерлер саны – 26. Бүгінгі таңда МАД сыныбында – 60 оқушы, 1-11 сыныптарда 978 оқушы, жалпы-1038 оқушы білім алады.
  • «Бала – болашақтың бастауы» демей ме дана қазақ. Дарынды ұл, дара азамат, талантты қоғамның бастауы да –  алтын ұя мектеп екені сөзсіз. Сол тұлғалардың дұрыс қанаттануы мен биікке өрлеуі тікелей ұстаздарға байланысты. Балаға білім нәрін сеуіп, бар ғұмырын сарып еткен ұстаздарымыз мәнгілік әр шәкіртінің жүрегінен орын алатыны даусыз. 1947 жылы мектептің ірге тасын қалауда ұйымдастыру жұмыстарын алғашқы болып Естемесова Күланда апайымыз бастап бірнеше жыл менгеруші болып, одан кейін Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ахметов Ілияс және Амиров Ережеп ағайларымыз басқарған. 1982-2000 жылдары Жұмабаев Әбдіраш, 2000-2005 жылдары Өтегенова Мария, 2005-2009 жылдары Байташова Қатира есімді ағай-апайларымыз басқарды. 2009 жылдың маусымынан бастап 2022 жылға айына дейін Лесбеков Жұмабек Боранұлы басқарған. 2022 жылдың 8-ші ақпанынан бастап, Сарыбаев Рашид Қуандықұлы мектепті басқарып келеді.